Accessibility links

Жезқазған әкімі қызметінен кетті


Жезқазған қаласы
Жезқазған қаласы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов өз еркімен қызметтен кетті деп хабарлайды Қарағанды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның міндетін уақытша әкімнің орынбасары Амангелді Мухамбедина атқарады.

Батырлан Ахметов 1992 және 2012 жылдар аралығында жергілікті салық мекемелерінде әртүрлі қызметтер атқарған.

Жезқазған және Сәтбаев қалаларының салық басқармасын басқарған.

2012 жылдың ақпан айы мен 2013 жылдың наурыз айы аралығында Сәтбаев қаласының әкімі болды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Жезқазған қаласының әкімі болған.


XS
SM
MD
LG