Accessibility links

Семейде орман өртін сөндіріп жатыр


Семейдегі орман өрті. ШҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің таратқан суреті
Семейдегі орман өрті. ШҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің таратқан суреті

Шығыс Қазақстан облысында Краснокардон орман алқабында шыққан өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі. Департамент тікұшақпен тексеріп шыққаннан кейін жалынның 300 га аумақ жерді шарпығаны анықталды деді.

Өртті сөндіруге 300 адамнан астам адам жұмылдырылған. Мамандар жағдайды жел мен "үстіңгі өрт" (оттың ағаштар басынан таралуы) қиындатып отырғанын айтады. Кеше тікұшақпен 25 тонна су бүркілген.Таңертеңнен бері МИ-2 тікұшағы жағдайды бақылап отыр.

ШҚО төтенше жағдай департаменті “әзірге, отты толық сөндірдік деп айта алмаймыз, бірақ отты ауыздықтай алдық - бақылауда ұстап отырмыз” деп хабарлады. Алдын-ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына "отты дұрыс қолданбау" себеп болған.

Әлеуметтік желіде қолданушылар кешеден бері “Семейдегі орман өрті” туралы видеолар жариялап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG