Accessibility links

Алматыда XV Еуразия медиа форумы басталды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері. Форумның алғашқы күні ақпарат құралдарына арналған шеберлік сыныптары өтеді. Медиа саласының сарапшылары журналистикадағы соңғы тенденциялар мен жаңалықтар қызметінің болашағы туралы әңгімелейді.

Жалпы форумның ашылу салтанаты және негізгі отырыстары 23 мамырға белгіленген. Бағдарламаға сәйкес, ашылу салтанатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Еуразия медиа форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді.

Форумға 60 елден 600 делегат қатысады. Медиа форум қонақтары мен қатысушыларының арасында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Италияның бұрынғы премьер-министрі Матео Ренци, халықаралық ұйымдар мен шетел БАҚ өкілдері бар.

Биыл форум барысында әлемнің қайта құрылуы, бірігіп әрекет етудің мүмкін сценарийлері, жасыл экономика концепциясы, ақпарат революциясының салдары және инвестиция рөлі сияқты маңызды мәселелер талқыланады.

Еуразия медиа форумы Қазақстанда 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырады.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews18.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:19 0:00
XS
SM
MD
LG