Accessibility links

Трамп АҚШ әділет министрлігіне жаңа тергеу жүргізуді тапсырды


АҚШ президенті, Дональд Трамп.
АҚШ президенті, Дональд Трамп.

22 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Бас прокурордың орынбасары Род Розенстейнмен, ФБР басшысы Кристофер Рэймен кездесті. Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Әділет министрлігінен "ФБР өз сайлауалды штабына тыңшы жіберді" деген ақпаратты анықтауды тапсырған.

21 мамырда Әділет министрлігінен Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға қатысын да тексеру жүргізуді сұрады.

Сайлауға Ресейдің қатысы бар-жоғын анықтау жұмыс тобының жетекшісі, бас прокурордың орынбасары Род Розенстейн "егер әлдекімнің сайлауалды штабқа әсерін тигізіп, я мән-жайды аңдып отырса біз бұл туралы білуіміз керек және оған сәйкес шара қолдануымыз керек" дейді.

Сенбі күні Трамп "ФБР мен Әділет министрлігі оның сайлауалды штабына тыңшы жібергенін" айтқан. Кей ақпараттық агенттіктердің мәліметінше, АҚШ-та туған британиялық Кембридж университенің профессоры 73 жастағы Стефан Халпер тыңшы болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG