Accessibility links

Астанада дауылдан бірнеше ғимарат зақымданды


Астанадағы әйнектері зақымданған Бейбітшілік және келісім сарайы. 22 мамыр 2018 жыл, Астана
Астанадағы әйнектері зақымданған Бейбітшілік және келісім сарайы. 22 мамыр 2018 жыл, Астана

Мамырдың 22-сі күні түстен кейін Астанада қатты жел тұрып, соның салдарынан Түркістан көшесіндегі мұнара краны құлап, Бейбітшілік және келісім сарайының витраж шынысы зақымданған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, бұдан бөлек қаладағы ұлттық мұражай алдындағы плиталар зақымданып, Мичурин кентіндегі №3-ші мектептің, жеке үйдің шатырлары ұшып кеткен.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан бөлек № 24 орта мектеп пен № 91 балабақшаның шатырларын жел ұшырып, көлік бүлінген. 13 тұрғын аса қауіпті емес жарақаттарымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

«Казгидромет» хабарлауынша, Астанада 23 мамырда да қатты жел (25 м/сек) болады. Дауыл болатыны жөнінде алдын-алу ескерту жарияланған.

Әлеуметтік желі қолданушылары дауыл туралы видеолар салып, суреттерімен бөлісуде.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG