Accessibility links

Ресей Думасы санкцияға қарсы заң жобасын мақұлдады


Ресей Думасының отырысы. 8 мамыр 2018 жыл, Мәскеу

Ресей думасы үшінші оқылымда “батыстың санкциясына қарсы” заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы Ресей билігіне АҚШ, Еуроодақ және өзге елдердің Кремль мен ресейлік компаниялар, жеке тұлғаларға қатысты қолданған “достық емес сипаттағы шараларына” жауап беруге рұқсат береді.

Енді құжатты қауіпсіздік федерациясы қабылдап, ел президенті қол қоюы тиіс.

Заң Ресейдегі АҚШ және "сондай саясат ұстанатын өзге мемлекет" азаматтарының жұмыс істеуіне шектеу енгізіп, америкалық брендтердің контрафактілік өнімін өндірісін реттеуді ұсынады. АҚШ азаматтарына Ресейдегі мүліктерді жеке меншігіне алу ісіне қатысуға тыйым салып, өзге де шектеулер енгізеді.

Әуелі депутаттар Ресейге импорттық дәрі-дәрмектерді, АҚШ-тан темекі мен ішімдіктерді әкелуге шектеу салғысы келген еді. Алайда екінші оқылым барысында депутаттар заңнан сала, тауар мен қызмет көрсету тізімін мүлде алып тастады. Сол себепті Ресейдің санкцияға қарсы шаралары “достық емес сипаттағы” кез келген сала немесе елге бағытталуы мүмкін.

6 сәуірде АҚШ Ресейдің 24 азаматы - бизнесмендер мен шенеуніктерге және 14 компанияға санкция салған. Вашингтон санкция Кремльдің 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына килігуіне жауап есебінде салынғанын айтады.

АҚШ санкциясы Ресей қор нарығында акция бағамдарының құлдырауына әкеліп соқтырды. Ресей билігі санкцияға іліккен компанияларға қолдау көрсетуге уәде берді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Құпияға толы Жібек жолы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00
XS
SM
MD
LG