Accessibility links

Мәжіліс Сайлау заңына өзгерістерді мақұлдады


Парламент мәжілісінің пленарлық отырысы
Парламент мәжілісінің пленарлық отырысы

Бүгін мәжіліс депутатттары палатаның пленарлық отырысында "Сайлау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады.

“Заң жобасы сайлау заңнамасын жаңа институттарды енгізу, құқықтық олқылықтарды, қайшылықтарды жою арқылы және өзге де жолдармен жетілдіруге бағытталған. Заң жобасын әзірлеудің мақсаты – негізгі сайлау принциптерінің сақталуын, азаматтардың ерік-бостандығы мен олардың сайлау және сайлану конституциялық құқығын қамтамасыз етуді әрі қарай дамыту” делінген мәжілістің сот-құқықтық реформа комитеті жасаған қорытындысында.

Заң жобасында мәслихат депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі бойынша (яғни, партиялық тізіммен) сайлау, аудан, ауыл, селолық округтердің әкімін тікелей сайлау өткізу арқылы жергілікті тұрғындардың сайлауы, округтік сайлау комиссияларын тарату, сайлаушылар тізімін цирландыру мәселелері қарастырылған.

Бұған қоса, жоба интернетте үгіт-насихат жүргізу, "сайлау туралы объективті, шынайы және кәсіби деңгейде" ақпарат тарату үшін БАҚ жұмысын жүйелеу мәселелерін реттеуге бағытталған.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң 1995 жылы қабылданып, одан бері бірнеше рет өзгертілген. 2007 жылдан бастап парламенттің төменгі палатасы мәжілістің депутаттары партиялық тізіммен сайланып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG