Accessibility links

Қазақ-өзбек форумында бірқатар құжаттарға қол қойылды


Қазақ-өзбек форумына қатысушылар. 22 мамыр 2018 жыл, Шымкент
Қазақ-өзбек форумына қатысушылар. 22 мамыр 2018 жыл, Шымкент

Шымкент қаласында өткен қазақ-өзбек іскерлік форумы аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойған деп хабарлайды ресми БАҚ. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, форумға екі елдің ресми тұлғалары мен жүздеген кәсіпкер қатысқан.

ОҚО кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған форумда қатысушылар ортақ жоба жасау, өнімдердің экспорты мен импорт мәселелері, өзге елдердің нарықтарына шығу мақсатында өзара әрекет ету мәселелерін талқылаған.

Форум барысында құны 65 миллион доллар болатын сегіз құжатқа қол қойылған. Олардың арасында ОҚО әкімдігі мен Alliance textile өзбек компаниясы арасында жасалған – "аймақтағы тоқыма саласына инвестиция құю" туралы мемрандумдар да бар.

Бұден бөлек, жергілікті ақпарат агенттіктері ОҚО әкімдігі мен "Дентафиль плюс" өзбек компаниясы арасында медициналық жабдықтар шығару туралы зауыт құрылысы жөнінде меморандумға қол қойғанын жазады.


Өзбекстан соңғы уақытта көрші елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынасты жақсартуға күш салып келеді. Мұндай өзгеріс ел билігіне 2016 жылы Шавкат Мирзяев келгеннен кейін байқалған. Бұған дейін ресми Ташкент Орталық Азия елдерімен байланысты жақсарту - сыртқы саясатта басымдық беретін бағыттар екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG