Accessibility links

Орынбор маңындағы трасса тамыз айында ашылады


Алысқа қатынайтын жүк көліктері
Алысқа қатынайтын жүк көліктері

Орынборды айналып, Қазақстанға қарай апаратын автожол 2018 жылдың тамыз айында дайын болады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі ресейлік “Росавтодордың” баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы жылдың тамыз айында Орынборды айналып өтетін алғашқы іске қосу кешені пайдалануға беріледі.

"Облыстық орталық пен тұтас аймақ үшін маңызды бұл құрылысқа федералдық бюджеттен трансферт ретінде 450 млн рубль түскен".

Бұған дейін Орынбор – Беляевка автожолынан Орынбор – Елек – қазақстандық шекараға дейінгі аумақтағы Орынборды айналып өтетін трассаның облыс орталығына келіп-кететін жүк ағынын азайтуға көмектесетіні айтылған.

Орынбор облысында федералдық маңызы бар көпшіліктің қолдануына арналған автожол желісінің ұзындығы – 977 шақырым.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG