Accessibility links

CPJ Қырғызстаннан құқық қорғаушыны босатуды сұрады


Құқыққорғаушы Әзімжан Асқаров сотта сөйлеп тұр. 10 қаңтар 2017 жыл, Бішкек

“Журналистерді қорғау комитеті” (CPJ) халықаралық ұйымы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Zanoza.kg сайты мен журналист Дина Маслова, Нарын Айып пен құқыққорғаушы Шолпон Жақыповаға қатысты материалдық талабынан бас тарту туралы шешімін құптайтынын білдірді. Бұдан бөлек, ұйым Қырғызстан билігін өмірлік жаза алған құқыққорғаушы Әзімжан Асқаровты босатуға шақырды. Бұған қатысты мәлімдеме комитеттің ресми сайтында 18 мамыр жарық көрген деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

“Журналистерді қорғау комитетінің” еуропалық және ортаазиялық бағдарламаларының үйлестірушісі Нина Огнянова:

“Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев журналистер мен құқыққорғаушыға қойған материалдық талаптардан бас тартып, дұрыс жасады. Оларды жауапкершілікке тарту дұрыс болмайтын еді” деп мәлімдеген.

Бұдан бөлек, ұйым Қырғызстан жаңа басшылығын жағдайды пайдаланып және елдегі сөз бостандығының жағдайын жақсарту үшін құқыққорғаушы Әзімжан Асқаровты босатуға шақырған.

Әзімжан Асқаров 2010 жылғы Маусым оқиға кезінде "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деген айыппен өмірлік жазаға кесілген. Кейінірек БҰҰ адам құқығы бойынша комитеті құқыққорғаушыны босатуға шақырды.

Аппеляциялық шағым Шу облыстық сотында қаралып, 2017 жылы 24 қаңтарда Асқаровқа қатысты шыққан үкім өзгеріссіз қалды.

2010 жылы маусымда Ош оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша, шамамен 450 адам өлді. Асқаровқа сонымен бірге қақтығыс кезіндегі "милиционердің өліміне қатысы бар" деген айып тағылды. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің саяси астары барын айтты.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00
XS
SM
MD
LG