Accessibility links

Минскіде украиналық журналист 8 жылға сотталды


Украиналық журналист Павел Шаройко

Беларусь соты “тыңшылық жасау” бойынша айыпталған украиналық журналист Павел Шаройконы 8 жылдан астам мерзімге соттаған.

Украинаның осы елдегі елшісі Игорь Кизимнің айтуынша, сот жабық жағдайда өткен. Бірақ елші жоғары соттың үкімді қашан шығарғанын айтпаған.

Кизимнің айтуынша, сот үкімінен кейін Белорусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) қамау орталығындағы Шаройкоға консул кіріп, жағдайын білген. Елші журналистің қамау жағдайы қалыпты екенін айтқан.

Беларусь КГБ-сы Павел Шаройконы өткен жылы қазанда ұстаған. Оны "Украинаның қорғаныс министрлігінің тыңшысы ретінде жұмыс істеді" деп айыптады.

Кизим Шаройконың өзінің кінәсін мойындағанын, бірақ елшіліктің бұған сенбейтінін айтқан. Украина мен Беларусь Шаройко қамауынан кейін бір-бірінің дипломаттарын елден кетірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG