Accessibility links

Ақпарат министрлігінің өкілеті "кеңейтілді"


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрінің “өкілетін кеңейтуді” қарастыратын жарлыққа қол қойды деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігін бұрын Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған Дәурен Абаев басқарады.

"Орталық мемлекеттік органдар мен облыс, Алматы мен Астана қалалары әкімдігінің қызметтерінің тиімділігін бағалау тәртібі" туралы жарлыққа өзгерістер енгізу туралы құжат 22 мамырда қазақстандық құқықтық ақпарат тарататын ресурстарда жарияланған.

Өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органдардың "жұмыс істеу тиімділігінің" бағасын “ақпараттандыру саласы бойынша уәкілетті орган” береді.

Бұл мәселе бойынша ақпарат және коммуникациялар министрлігіне хабарласқан Азаттық тілшісі “ресми өтініш жолдаңыз” деген жауап алды.

Өзгерістерге сәйкес, ақпараттандыру бойынша уәкілетті орган өзге де құзырлы органдармен бірге жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекет ету тиімділігіне баға береді.

"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" жарлық 2010 жылы 19 наурызда қабылданған. Оған енгізілетін өзгерістер президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG