Accessibility links

Пхеньян ядролық сынақ полигонын "жойды"

Пхунгери полигонының спутниктен түсірілген суреті.
Пхунгери полигонының спутниктен түсірілген суреті.

Солтүстік Корея билігі Пхунгери полигонындағы үш сынақ шахтасын жойғанын хабарлады. Ядролық полигондардың жою процесіне шақырылған журналистер Пхунгери жақтан будақтаған қалың түтін көргендерін айтқан.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, үш шахта, бақылау мұнарасы және полигон жойылған. Ресми Пхеньян ядролық полигондарды жою кезінде зиынды заттар қоршаған ортаға тарамағанын мәлімдеген.

Ядролық полигонның демонтажына халықаралық бақылаушылар мен сарапшылар шақырылған жоқ.

Пхунгери полигоны - Солтүстік Кореядағы ең ірі сынақ алаңы. Бұл полигонда 2017 жылы қыркүйекте сынақ өткен. Сәуірдің соңында Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын арасындағы кездесуде Пхеньян сынақ алаңдарын демонтаж жасайтынын айтқан.

Ким Чен Ынның Оңтүстік Кореяға сапары

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
1/8 Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
2/8 Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
3/8 Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
4/8 Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты.&nbsp;<br />
&nbsp;
5/8 Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты. 
 
Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
6/8 Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті.&nbsp;
7/8 Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті. 
Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына &quot;Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды&quot; деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ.&nbsp;
8/8 Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына "Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды" деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG