Accessibility links

Malaysian Airlines компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағын сепаратистер бақылауындағы Донбасс аймағынан ресейлік "Бук" зымыранымен атып түсірген. Бұл туралы 24 мамырда өткен баспасөз мәслихатында Нидерланд прокуратурасы мен осы істі тексерген Біріккен тергеу тобы (JIT) мәлімдеді.

Бес елдің өкілдері қатысқан баспасөз мәслихатында алты "Бук" зымыран кешені тиелген әскери техниканың Курс әскери базасынан шығып бара жатқан видео көрсетілді. Зерттеу тобының мәлімдеуінше, "Бук" кейін Украинаның шығысына бет алған және осы зымыраннан ұшақ құлатылған.

Оқи отырыңыз: "Ресей өз көрін өзі қазып жатыр"

Нидерланд прокуратурасының өкілі Фред Вестербеке " дәл Boeing 777 ұшағын не үшін атып түсірген білмейміз және бұл үшін кім жауап береді деген сұраққа да әзірге жауап жоқ" деді. Оның айтуынша, ұшақ апатына қатысты он шақты күдікті бар. Прокурор өкілі күдіктілердің атын атамады.

2014 жылы 17 шілдеде MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан Boeing 777 ұшағындағы 298 адамның барлығы мерт болған. Құрбандардың көпшілігі – Нидерланд азаматтары еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG