Accessibility links

АҚШ үкіметі Түркіменстаннан келетін барлық импорттық мақта тауарларына тыйым салды.

АҚШ кеден және шекара қызметінің 18 мамырда шыққан, бірақ 24 мамырда жарық көрген мәлімдемесінде оның себебі айтылмаған.

Бірақ бұған дейін АҚШ-тың мақта кампаниясының өкілдері, Түркіменстандағы балама ақпарат көздері мен Халықаралық жұмысшылар құқығы форумы АҚШ-тың кеден және шекара қызметінен “күштеп жұмысқа салу мен бала еңбегі” арқасында өндіріліп, жасалған барлық тауарлар импортына тыйым салуды сұраған.

“Бұл үш топ түркімен үкіметін қоғамдық сектор жұмысшыларын “жалақыларыңды бермейміз” және “жұмыстан шығарамыз”деп қорқытып, мақта тергізген деп айыптап отыр” деп жазды 24 мамырда Crowell & Moring халықаралық сауда ұжымы уебсайтында.

АҚШ кеден және шекара қызметінің шешімі әлемде әлі күнге дейін кездесетін күштеп жұмысқа салумен күресте жасалған маңызды қадам” деді Халықаралық жұмысшылар құқығы форумының директоры Эрик Готуолд.

АҚШ заңы бала еңбегі мен күштеп жұмысқа салу және бала еңбегі арқылы алынған өнімдерді импорттауға тыйым салады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG