Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Салтанатты шара республиканың барлық мектептерінде болады.
Ресми БАҚ мәліметінше, биыл 147 мың оқушы мектеп бітіреді. Шамамен 7 мың түлек “Алтын белгіден” үміткер. Ал ұлттық біріңғай тестілеуге шамамен 102 мың түлек өтініш берген.
Бұған дейін білім және ғылым министрлігі 2017-2018 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестар тапсыру рәсімін 15 маусымға белгілеген. Мемлекеттік бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусымға дейінгі аралықта болады.
ПІКІРЛЕР