Accessibility links

Хомс маңындағы аэродромды "зымыранмен атқылаған"


Сирияның Хомс провинциясы
Сирияның Хомс провинциясы

Сирияның мемлекеттік БАҚ-ы Хомс қаласы маңындағы әскери аэродромды зымыран атқылағанын мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, Сирияның әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс жүйесі оған тойтарыс берген.

“Орталық аудандағы төрт аэродромның біреуі дұшпандық ниеттегі зымыран басқыншылығына ұшырады және әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс жүйесі шабуылға тойтарыс беріп, мақсатына жеткіздіртпеді" - деп хабарлады 24 мамырда Сирияның SANA мемлекеттік жаңалық агенттігі.

Бұған дейін агенттік Хомс маңындағы Дабаа аэродромында жарылыстар естілгенін хабарлаған


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG