Accessibility links

Өзбекстан: AI ұйымынан жасыратын еш мәселеміз жоқ


Amnesty International халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының логосы
Amnesty International халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының логосы

24 мамырда Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінде Amnesty International (AI) халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Мари Струтерс бастаған делегациямен кездесу өткен. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Кездесу барысында Өзбекстан мен AI арасындағы өзара әріптестіктің болашағы талқыланған.

Мари Струтерс және оның әріптестері Ташкентте өткен бас прокуратура, жоғары сот, бірқатар министрліктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесулер жайлы ойларымен бөліскен.

Кездесуде Өзбекстан жағы AI ұйымынан жасырғысы келетін немесе талқылағысы келмейтін ешқандай мәселе жоқ екенін айтқан.

Өзбекстан тарабы елдегі адам құқығының жағдайын жақсартуға әрі қарай да күш салуға ниетті екенін жеткізген.

Бұл Amnesty International халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының 14 жылдық үзілістен кейін Өзбекстанға жасаған алғашқы ресми сапары.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG