Accessibility links

АҚШ Конгресі Украинаға 250 млн доллар әскери көмек беруді құптады


АҚШ Конгресінің отырысы өтетін Капитолий сарайы
АҚШ Конгресінің отырысы өтетін Капитолий сарайы

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Украинаға әскери көмек ретінде 250 миллион доллар беруді қолдады. Заң жобасы қорғаныс саласы бойынша ұшу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуді қарастырады. Бірақ құжатта қарудың нақты түрлері көрсетілмеген.

Өкілдер палатасының қолдауына қарамастан құжатты сенат қарап, мақұлдауы тиіс. Президентке қол қоюға жіберілмес бұрын заң жобасының екі нұсқасын біріктіру керек болады.

Бұған дейін АҚШ Киевті снайперлік винтовкалар мен танкке қарсы Javelin зымыран кешендерімен жабдықтаған. Мұндай 37 кешен орнатуды ұйғарған.

АҚШ-пен өзара келісімге сәйкес, Украина армиясы Javelin кешенін Донбастағы ресейшіл сепаратистерге қарсы қолданбауы тиіс.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG