Accessibility links

Сметов Қытай Гран-приінде алтын алды


Елдос Сметов.
Елдос Сметов.

Дзюдодан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Хух-Хотода өтіп жатқан Қытай Гран-приінде алтын алды. 60 килограмда белдескен Сметов финалда тағы бір қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаевты иппонмен жеңді. Қырғызбаев күміс медаль иеленді.

Cметов финалға дейін жапониялық Юма Ошимадан, ресейлік Роберт Мшвидобадзеден, бразилиялық Фелипе Фелимнен басым түсті.

66 келіде белдескен қазақстандық Елдос Жұмақанов қола алды. Олширек финалда германиялық Себастьян Сеидлдан жеңілді. Ал қолаға таласта қытайлық Ланг Ши мен ресейлік Абдулла Абдулжалиловты жеңді.

Хух-Хотодағы Гран-при - 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға іріктеу жарыстарының бірі. Осы жарыстан бастап олимпиада жолдамасына ұпай есептеледі. Әр салмақта ең көп ұпай жинаған 16 спортшы олимпиада лицензиясын иеленеді. Әр елден бір спортшы ғана жолдама алады. Егер үздік 16 спортшының ішінде бір елдің екі-үш балуаны болса, олимпиадаға баратын бір дзюдошыны бас бапкер таңдайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG