Accessibility links

Немцов атындағы сыйлықты белсенді Надежда Митюшкина иеленді


Надежда Митюшкина.
Надежда Митюшкина.

Ресейлік "Солидарность" қозғалысының федералдық саяси кеңесінің бюро мүшесі белсенді Надежда Митюшкина демократиялық құндылықтарды қорғаудағы ерлігі үшін берілетін Борис Немцов атындағы сыйлық иегері атанды.

Митюшкина 2011 жылдан бастап Ресей астанасында өткен ірі көше акцияларының көпшілігін, соның ішінде Немцовты еске алу шерулерін де ұйымдастырған. Ол Мәскеудегі Сахаров орталығында саяси тұтқындарды қолдау үшін өткізілген қайырымдылық шараларын ұйымдастырушылардың бірі.


Биыл Митюшкинамен бірге Немцов атындағы сыйлыққа Ресейдегі "Мемориал" адам құқықтарын қорғау ұйымы Карелия бөлімшесінің басшысы Юрий Дмитриев, "Мемориалдың" Шешенстандағы бөлімшесінің жетекшісі Оюб Титиев, оппозиционер Алексей Навальный мен оның Калининградтағы штабының үйлестірушісі Егор Чернюк ұсынылған. Олардың арасынан сыйлық иесін анықтау үшін "Новая газета" басылымы сайтында ашық дауыс беру өткізілген.

Борис Немцов атындағы сыйлық 2016 жылдан бері тапсырылып келед. Алғашқы жылы сыйлықты "Яблоко" партиясының саяси комитетінің мүшесі Лев Шлосберг иеленген. 2017 жылы сыйлық оппозициялық белсенді Ильдар Дадинге берілген. Сыйлықты тапсыру рәсімі Германияның Бонн қаласында өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG