Accessibility links

Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай өндіруді арттыруға әзір екенін айтты


Сауд Арабия мен Ресей энергертика министрлері Халид әл-Фалех (сол жақта) пен Александр Новак.
Сауд Арабия мен Ресей энергертика министрлері Халид әл-Фалех (сол жақта) пен Александр Новак.

Сауд Арабиясы мен Ресей шикізат бағасының өсуіне тұтынушы алаңдаушылығын бәсеңдету мақсатында келесі айдан бастап өндірілетін мұнай көлемін арттыру туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл туралы екі елдің энергетика министрлері айтқан.

Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалех пен оның ресейлік әріптесі Александр Новак мамырдың 25-і күні Санкт-Петербург қаласындағы экономикалық форумда Эр-Рияд пен Мәскеудің мұнай өндіруге қатысты квотаны биылғы жылдың екінші жартысынан бастап біртіндеп босаңсытуға әзір. Өндірілетін мұнай көлемін шекті мөлшерден асырмау туралы бірлескен келісім 2016 жылы шикі мұнай бағасының құлдырауын тоқтату мақсатымен жасалған болатын. Ондаған жылдардың ішінде алғаш рет ОПЕК (мұнай өндіруші елдер ұйымы) картелімен мұнай өндіруді шектеу туралы келісімге Ресей де қатысқан.


Талдаушылар квотаны енгізу 2016 жылдың басында 30 доллардан төмен түсіп кеткен мұнай баррелінің бағасын 40 доллардан 50 долларға дейінгі деңгейде тұрақтандырып ұстауға септесті деп санайды. Бірақ соңғы кездері, негізінен АҚШ-тың әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдер – Венесуэла мен Иранға қарсы санкциялар енгізуіне байланысты, осы айдың басында Лондон биржасында бір баррель мұнайдың бағасы 2014 жылдан бергі кезеңде жоғары деңгейге – 80,5 долларға дейін жеткен. Ал жұма күні Сауд Арабиясы мен Ресей бағаны түсіру үшін өндірілетін мұнай көлемін арттыруға әзір екені туралы мәлімдегеннен кейін Лондон биржасындағы сауда барысында бір баррель мұнайдың бағасы 3 пайыздан артық шамаға – 76,44 долларға дейін төмендеген. Мұнай бағасының күрт өсуі жанармай бағасын қымбаттатып жіберген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG