Accessibility links

Третьяков галереясындағы Репиннің картинасын бүлдірген


Илья Репиннің "Иван Грозный мен ұлы" картинасы.
Илья Репиннің "Иван Грозный мен ұлы" картинасы.

Жұма күні кешке Мәскеудегі Третьяков галереясына келген адам Илья Репиннің "Иван Грозный мен ұлы" картинасын бүлдірген. Полицияның мәлімдеуінше, әлгі адам темір білікпен картинаның әйнегін сындырған. Құқық органдары ұсталған адамның үстінен мәдени мұра нысанын бүлдіру немесе жою туралы іс қозғаған деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Галерея баспасөз қызметінің хабарлауынша әйгілі картина үш тұсынан жыртылып, айтарлықтай бүлінген. Көрме залынан алынған картинаны қалпына келтіру жұмыстарымен мамандар айналысып жатыр.


"Иван Грозный мен ұлы", сонымен бірге "Иван Грозныйдың ұлын өлтіргені" деген атаумен көпшілікке белгілі картинаны Репин 1883-1885 жылдары жазған. Синод обер-прокуроры Константин Победоносцевтің, ал кейін орыс патшасы үшінші Александрдың ашу-ызасын туғызған бұл туынды Ресей империясында цензураға іліккен алғашқы картиналардың бірі саналады.

2013 жылы күзде тарихшылар мен "православ белсенділері" деп аталатын топ "орыс халқын, орыс мемлекетін, орыстардың таупиқты патшалары мен патшайымдарын ғайбаттайтын" картинаны Третьяков галереясынан алып тастауды талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG