Accessibility links

Бішкекте дайындалған ет Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қырғыз аспаздары 12 тайқазанға асқан сегіз жылқының етінен асылған ұлттық тағамның салмағы бір тоннадан асқан. Бішкек, 11 наурыз 2018 жыл.
Қырғыз аспаздары 12 тайқазанға асқан сегіз жылқының етінен асылған ұлттық тағамның салмағы бір тоннадан асқан. Бішкек, 11 наурыз 2018 жыл.

Бішкекте биыл наурыздың 11-і күні аса үлкен мөлшерде дайындалған ұлттық тағам – ет (бесбармақ) Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енгізілді деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Рекордты тіркеушілердің мәліметінше, арнайы дайындалған еттің салмағы 1464 килограмм болған.

Наурыздың 11-і күні Бішкекте өткен аспаздық шарасын бірнеше қоғамдық бірлестік ұйымдастырған. Олар бұған дейін қазақ аспаздары орнатқан рекордтан асып түсу туралы мақсат қойғандарын айтқан. 2015 жылы Астана күні мерекесіне арнап әзірленген, салмағы 736,5 келі тартатын ет Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Ет – қазақтар мен қырғыздарға ортақ ұлттық тағам түрі.

Бішкекте наурыздың 11-і күні ұйымдастырылған арнайы шара кезінде әрбіріне 150 литр су сиятын 12 тайқазанға сегіз жылқының етін асқан.

Бішкекте бір тоннадан көп ет асып, 117 метрлік шұжық әзірледі

Бішкекте өткен аспаздық шарасын "Ак элечек", "Ак калпак" және "Кыргыз тилектешиги" қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырған. Оларға "Аю Grand Comfort" компаниясы қолдау көрсеткен.
1/7 Бішкекте өткен аспаздық шарасын "Ак элечек", "Ак калпак" және "Кыргыз тилектешиги" қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырған. Оларға "Аю Grand Comfort" компаниясы қолдау көрсеткен.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Аспаздық шараға Гиннестің рекордтар кітабы өкілдері шақырылған.
2/7 Аспаздық шараға Гиннестің рекордтар кітабы өкілдері шақырылған.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Әрбіріне 150 литр су сиятын 12 тайқазанға сегіз жылқының етін асты.
3/7 Әрбіріне 150 литр су сиятын 12 тайқазанға сегіз жылқының етін асты.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін асылған еттің салмағы бір тонна 464 килограмм, ал шұжықтың ұзындығы 117 метрге жетті деп хабарлады шараны ұйымдастырушылардың өкілі Элнура Кулуева Азаттыққа.
4/7 Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін асылған еттің салмағы бір тонна 464 килограмм, ал шұжықтың ұзындығы 117 метрге жетті деп хабарлады шараны ұйымдастырушылардың өкілі Элнура Кулуева Азаттыққа.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Ұйымдастырушылар бұған дейін 2015 жылы Қазақстанда, Астана күні мерекесі кезінде қазақ аспаздары 736 келі ет асып орнатқан рекордтан озғандарын айтады.
5/7 Ұйымдастырушылар бұған дейін 2015 жылы Қазақстанда, Астана күні мерекесі кезінде қазақ аспаздары 736 келі ет асып орнатқан рекордтан озғандарын айтады.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Бішкектегі шарада жылқы етінен ұзындығы 117 метр шұжық дайындалды. Әуел баста ұйымдастырушылар 100 метр шұжық әзірлемекші болған, бірақ кейін олар оны тағы 10 метрге ұзартуды ұйғарған. Элнура Кулуеваның айтуынша, мұндай шешімге бұған дейін қазақ аспаздары дайындаған 100 метр қазы Гиннестер кітабына еніп қойғаны себеп болған. 2008 жылы Қытайдағы этникалық қазақтар &ndash; ерлі-зайыпты Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы әзірлеген <a href="https://www.azattyk.org/a/kyrgyzstan_bishkek_beshbarmak_guinness/29091593.html" target="_blank">ұзындығы 100 метр, салмағы бір тонна қазы Гиннестің рекордтар кітабына енген</a> болатын. Болат Бейнелұлы рекордты Қытайдың атынан тіркеуге қарсы болғандықтан, оған қазақ халқының ұлттық мұрасы &ndash; қазыны әзірлеуден рекорд орнатқаны туралы сертификат берілген.
6/7 Бішкектегі шарада жылқы етінен ұзындығы 117 метр шұжық дайындалды. Әуел баста ұйымдастырушылар 100 метр шұжық әзірлемекші болған, бірақ кейін олар оны тағы 10 метрге ұзартуды ұйғарған. Элнура Кулуеваның айтуынша, мұндай шешімге бұған дейін қазақ аспаздары дайындаған 100 метр қазы Гиннестер кітабына еніп қойғаны себеп болған. 2008 жылы Қытайдағы этникалық қазақтар – ерлі-зайыпты Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы әзірлеген ұзындығы 100 метр, салмағы бір тонна қазы Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Болат Бейнелұлы рекордты Қытайдың атынан тіркеуге қарсы болғандықтан, оған қазақ халқының ұлттық мұрасы – қазыны әзірлеуден рекорд орнатқаны туралы сертификат берілген.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін асылған ет Бішкектегі шараға жиналған жұртқа тегін таратылды. Дайындалған тағамның бір бөлігі балалар мен қарттар үйлеріне берілді.
7/7 Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін асылған ет Бішкектегі шараға жиналған жұртқа тегін таратылды. Дайындалған тағамның бір бөлігі балалар мен қарттар үйлеріне берілді.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Previous slide
Next slide

Бұған қоса Бішкектегі шарада жылқы етінен ұзындығы 117 метр шұжық дайындалған. Әуел баста ұйымдастырушылар 100 метр шұжық әзірлемекші болған, бірақ оларға дейін қазақ аспаздары дайындаған 100 метр қазы Гиннестің рекордтар кітабына еніп үлгергендіктен, қырғыз аспаздары одан асып түсуді ұйғарған.

2008 жылы Қытайдағы этникалық қазақтар – ерлі-зайыпты Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Азанбекқызы әзірлеген ұзындығы 100 метр, салмағы бір тонна қазы Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Болат Бейнелұлы рекордты Қытайдың атынан тіркеуге қарсы болғандықтан, оған қазақ халқының ұлттық мұрасы – қазыны әзірлеуден рекорд орнатқаны туралы сертификат берілген.

Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақ қазысы туралы видео:

Гиннесс рекордтар кітабына енген қазақ қазысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:15 0:00

XS
SM
MD
LG