Accessibility links

Ирландиялықтардың көбі абортты заңдастыруды қолдайды


Ирландияда абортты заңдастыру мәселесі бойынша референдум өткен күні Дублин көшесінде жүрген абортты заңастыруды қолдаушы әйел. 25 мамыр 2018 жыл.
Ирландияда абортты заңдастыру мәселесі бойынша референдум өткен күні Дублин көшесінде жүрген абортты заңастыруды қолдаушы әйел. 25 мамыр 2018 жыл.

Ирландия азаматтарының үштен екісі абортты заңдастыруды қолдауға әзір екендерін айтады. Мұны мамырдың 25-і күні өткен референдумнен кейін жүргізілген қоғамдық сауалнама қорытындылары көрсеткен.

Дауыс беруге қатысқан ирландиялықтардың 68 пайызы абортты заңдастыруды қолдайтындарын айтса, 32 пайызы – қарсы екендерін білдірген. Абортты заңдастыруды қолдайтындардың көбі ел астанасы Дублинде тұрады. Онда сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызға жуығы абортқа салынған тыйымды жою қажеттігін айтқан.


Жүктілік мерзімі 12 аптадан аспаған болса ешқандай қосымша шартсыз аборт жасатуға рұқсат беруді Ирландия үкіметі де қолдайды. Әділет министрі Чарли Фланган референдумды "өткеннің түнегінен шығудың кезекті үлкен қадамы" деп атаған.

Қазір Ирландияда қолданыстағы абортқа қарсы заң – әлем бойынша ең қатаң заңдардың бірі. Бұған қоса елде жүктіліктің алдын алу үшін пайдаланылатын таблеткалар сатуға да тыйым салынған.

2014 жылдан бастап Ирландияда жүктілік әйелдің денсаулығына қатер төндірген жағдайда ғана оған аборт жасатуға құқықтық негіз болатын заң қолданылып келеді. Өзге жағдайларда ол әйелге 14 жылға дейін түрме жазасы тағайындалуы мүмкін. Медициналық себепке байланысты аборт жасатуға рұқсат беретін жүкті әйелдер денсаулығын қорғау туралы заңды Ирландия парламенті 2013 жылы қабылдаған. Бұл заңды қабылдауға дәрігерлер медициналық негіз бойынша аборт жасаудан бас тартқан жүкті әйелдің өлімі себеп болған еді. Дәрігерлер оның құрсағындағы шарананың жүрек соғысы тоқтағасын ғана операция жасап алған, алайда сепсис салдарынан ол әйел қайтыс болған.

Жыл сайын үш мыңнан астам ирландиялық әйел аборт жасату үшін Ұлыбританияға барады. 1980 - 2016 жылдар аралығында 170 мың әйел аборт жасату үшін Ирландиядан сырт кетуге мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG