Accessibility links

Тәжікстан халқының саны 9 миллионға жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстан астанасындағы перзентханада мамырдың 25-і кешке елдің тоғыз миллионыншы тұрғыны дүниеге келді деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік қызметі (Радио Озоди).

Бұрынғы советтік республикалар арасында Тәжікстан туу көрсеткіші бойынша алда келеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, ел тұрғындарының саны жыл сайын 2,2 пайызға, немесе 200 мың адамға көбейіп отыр.

Сонымен бірге Орталық Азияда Тәжікстан бала тууды бақылауда ұстау және отбасыларына бала санын көбейтпеу туралы ресми түрде насихаттайтын бірден бір ел. Тәжікстан тұрғындары ең жас мемлекет саналады. Елдегі бір жастан 14 жасқа дейінгі бала саны үш миллионға жуық. Сарапшылар олар жақын онжылдықта жұмысшы күші қатарын толықтыратынын айтады. Қазіргі кезде Тәжікстанның бір миллионнан астам азаматы Ресей, Қазақстан және өзге елдерде жұмыс істеп жүр.


Соңғы рет 2010 жылы жүргізілген халық санағы деректері бойынша, Тәжікстанда жеті миллион 417 мың тұрғын болған. Кезекті санақ 2020 жылы өтуі тиіс.

БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Тәжікстан тұрғындарының саны 14,5 миллион адамға жетуі мүмкін. БҰҰ сарапшылары жақын онжылдықта Орталық Азия елдерінің бәрінде халық саны өседі деп санайды.

2050 жылға қарай Орталық Азия елдерінде халық саны қаншаға жетеді?
2050 жылға қарай Орталық Азия елдерінде халық саны қаншаға жетеді?

Мысалы, БҰҰ болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстан тұрғындарының саны 22,9 миллион адамға жетпек (БҰҰ дерегі бойынша қазір 17,5 миллион тұрғын бар). Қырғызстанда бұл көрсеткіш - 8,1 миллион (қазір - 5,8 миллион), Түркіменстанда - 7,8 миллион (5,5 миллион), Өзбекстанда - 40,9 миллион (30,9 миллион) болмақ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG