Футболдан Киевте өткен Чемпиондар лигасының финалында испаниялық "Реал Мадрид" командасы Англияның "Ливерпуль" клубын 3:1 есебімен жеңді.
"Реал" сапынан Карим Бензема бір, Гарет Бэйл екі гол салса, "Ливерпуль" сапынан Сидио Мане бір голдың авторы атанды.
"Реал" үш жыл қатарынан (2016-2018) Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Мадридтік клуб - Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұтқан алғашқы команда.
"Ливерпуль" соңғы рет бұл жарысты 2005 жылы жеңген. Ал 2007 жылы финалда ойнап, италиялық "Милан" командасынан жеңілген.
Чемпиондар лигасы - UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамына енетін елдердің клубтары қатысатын әлемдегі ең ірі футбол жарыстарының бірі. Бұл жарысқа Қазақстан чемпионы атанған клуб қатысады және жарысты іріктеу кезеңінен бастайды.
2019 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Испания астанасы Мадридте өтеді.
ПІКІРЛЕР