Accessibility links

Ердоған: Ресей Түркияға сатқан газ бағасына жеңілдік жасады


Түркия президенті Режеп Ердоған
Түркия президенті Режеп Ердоған

Түркия президенті Режеп Ердоған Ресей Түркияға 2015 және 2016 жылдары сатқан газ бағасына жеңілдік жасауға келіскені туралы мәлімдеді. Ердоғанның айтуынша, жеңілдік құны – бір миллиард долларға жуық.

Ерзурумда сайлауалды шарадағы сөзінде Ердоған Ресей әуелгіде жеңілдік жасаудан бас тартқан соң Түркия халықаралық арбитражға жүгіненін айтты. Соның нәтижесінде 2015 және 2016 жылдары сатылған аз бағасына 10,25 пайыз жеңілдік жасау туралы келісімге қол жеткен.

Ресейдің "Газпром" компаниясы Түркия президентінің бұл мәлімдемесіне байланысты әзірше комментарий берген жоқ.


Түркия 2015 жылы қарашада Сириямен шекарасы маңында ресейлік әскери ұшақты атып түсіріп, ресейлік екі ұшқыш қаза тапқаннан кейін Анкара мен Мәскеудің арасы шиеленісіп кеткен болатын. Ресей Түркияға қарсы санкциялар енгізген: Түркияға туристік жолдамалар сатуға, Түркиядан кейбір тауарлар әкелуге тыйым салған. Кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қайта қалпына келіп, Қара теңіз түбімен Ресейден тартылатын "Түрік ағыны" газ құбырының құрылысы жалғасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG