Accessibility links

Абэ: Жапония Ресеймен бейбіт келісімді бекіткісі келеді


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Вьетнам, 10 қараша 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Вьетнам, 10 қараша 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Жапония қазіргі буынның тұсында Ресеймен бейбіт келісім бекітуді мақсат тұтады. Бұл туралы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген келіссөз қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеген.

Путин бейбіт келісім мәселесінің шешімі "екі елдің де мүдделеріне сай және екі халықтың да қолдауына ие болуы тиіс" деген.

Ресей мен Жапония жетекшілері Курил аралдарының оңтүстігінде бірлескен шаруашылық қызметі туралы бұған дейін жасалған келісімдердің орындалуын талқылағандарын айтқан. Жылдың екінші жартысында Курил аралдарына жапон бизнесі өкілдері барады деп жоспарланған.


Курил аралдары тізбегінің оңтүстігіндегі төрт аралдың (Кунашир, Итуруп, Шикотан және Хабомаи) мәртебесіне қатысты проблема Ресей мен Жапония арасындағы бейбіт келісімді бекітуге негізгі кедергі болып отыр. Екі ел де даулы аралдарды өзінікі деп санайды.

Бұған дейін Синдзо Абэ Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумға қатысып, сенбі күні Путин екеуі қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан ресейлік және жапон ғарышкерлерімен сөйлескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG