Accessibility links

Израиль ХАМАС позициясына әуеден соққы берді


Израиль армиясының F-15 Eagle әскери ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Израиль қорғаныс армиясының ұшақтары палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысының Газа секторының оңтүстігіндегі позицияларына соққы берген. Бұның алдында Палестина автономиясының бірнеше тұрғыны Израиль шекарасын кесіп өтуге және қауіпсіздік дуалын сындыруға әрекет жасаған. Әуе соққысы осыған жауап ретінде берілді делінген Израиль әскерилерінің хабарламасында.

Бұған дейін, мамырдың 23-і күні Израиль әскери ұшақтары ХАМАС позициялары мен бірнеше әскери нысандарға соққы жасаған. Сол жолы Израиль әскерилері "бұл бір топ палестиналықтың шекараны бұзып өтуге тырысқан әрекетіне берілген жауап"деп мәлімдеген.


Наурыздың 30-ынан бері Газа секторы мен Израиль арасындағы шекарада израильдік әскерилермен болған қақтығыстар салдарынан 100-ден аса палестиналық қаза тапқан. Мамырдың 14-і күні, АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіруге Палестина тұрғындарының наразылық танытуы кезінде 60 адам мерт болған. Наразылар көлік дөңгелектерін өртеп, израильдік сарбаздарға кесек пен ауыр заттар лақтырған. Палестиналықтар Израильді бейбіт наразылық шеруін басу үшін әскери қару қолданды деп айыптаған. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әскерилердің іс-әрекетін "өз-өзін қорғау"деп атап, көп адамның қазасына ұласқан жағдайға жауапкершілікті ХАМАС тобына артқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG