Accessibility links

Қытай: АҚШ кемесі теңіздегі шекарамызды бұзды


Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Қытай жасаған жасанды арал (Көрнекі сурет).
Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Қытай жасаған жасанды арал (Көрнекі сурет).

Қытай АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің кемесін Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аймаққа басып кірді деп айыптады.

Бұған дейін Reuters агенттігі америкалық ресми тұлғаға сілтеме жасап, Higgins және Antietam әскери кемелері Қытай өзінің аймағы деп есептейтін Парасель аралдарынан шамамен 19 шақырым қашықтыққа енгенін хабарлаған.

Қытай Сыртқы істер министрлігі америкалық кемелер теңіздегі шекараның 12 миль аймағын бұзғанын мәлімдеді. Пекин Қытай бұл аймаққа жеке кемелері мен ұшақтарын жөнелтіп, "елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға мәжбүр болды" дейді.

АҚШ әскери кемелерінің Оңтүстік-Қытай теңізінде жүруін Пекин тарапынан жасалып жатқан шектеулерге қарсы тұру деп түсіндірді. Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптан пен басқа да америкалық жоғары лауазымды тұлғалар Пекиннің аймаққа қатысты саясатымен келіспейтінін мәлімдеген.

Парасель аралдары Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аймақтардың бірі саналады. Бұл аралдарға иелік ету құқығына Қытаймен бірге Вьетнам, Бруней, Малайзия, Филиппин және Тайвань таласып келеді.

2016 жылы маусымда Пекин Гаагадағы аралық соттың шешімін қабылдаудан бас тартқан. Халықаралық сот Оңтүстік-Қытай теңізіне Қытайдың тарихи таласы жоқ деп шешкен еді. Пекиннің бұл аймаққа таласын Вьетнам, Филиппин, Малайзия мен Индонезия да мойындамайды.

АҚШ болса теңізде еркін жүзуге кедергі келтірмеуді қалайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG