Accessibility links

Шөкеев "ҚазАгро" компаниясының шығыны "себебін" айтты


Өмірзақ Шөкеев, ауыл шаруашылығы министрі. Астана, 28 мамыр 2018 жыл.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "ҚазАгро" ұлттық компаниясының былтыр 126 миллиард теңгеден астам шығынға бату себебін түсіндірді деп хабарлады Азаттық тілшісі. Астанада үкімет сағатынан соң журналистер сауалына жауап берген Шөкеевтің айтуынша, компаниядағы қаржы тапшылығының екі себебі бар.

"Біріншісі, кезінде компания шетелден валютамен несие алып, оны басқа екінші деңгейлі банктерге теңгемен салған. Кейін девальвация болған кезде бағам айырмашылығы шықты. Сосын, кейбір екінші деңгейлі тұрақсыз банктерге ақша салынып, салдарынан 58 миллиард теңге жоғалды. Былтырдан бері бұл тапшылықты жойдық. Қазір капиталды ұлғайтып, транштар мен капиталға ақша құйып жатырмыз. Сосын, валютамен алған несиелерді теңгеге ауыстыруға тырысып жатырмыз. "ҚазАгро" үкіметтің ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі операторы болғандықтан оның банкрот болуына жол бермейміз, жағдайын жақсартамыз" деді Шөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрі бұған дейін Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында (ӘСМҚ) жиналған қаржының 10 пайызы "ҚазАгро" компаниясының облигациясын сатып алуға бөлінетінін хабарлаған.

"ҚазАгро" оны коммерциялық мақсатта, нақтырақ айтсақ астық сатып алуға жұмсайды. Бұл қаржы жұмсалады және қайтарылады. Бұл мүлдем қауіпсіз" деген Шөкеев.

Бұған дейін Қазақстан қор биржасы "ҚазАгро" компаниясының былтыр 126 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырағанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Мәскеуде Ислам Каримовке ескерткіш орнатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG