Accessibility links

Донбаста соғысқан теміртаулық сотта соңғы сөзін айтты


Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының ғимараты.

Мамырдың 28-і Қарағанды сотында Украина шығысындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан, әрі Қазақстанда екі адамның өліміне қатысы бар деп айыпталған Теміртау тұрғыны Никита С. сотта соңғы сөзін сөйледі. Бас айыпталушы соттан "өзін тыңдауды" сұрағаннан кейін, судья оның сөйлеуіне қарсы болмады. Айыпталушы "бар білетінімді айтуыма бола ма?" деп нақтылағаннан кейін, сөйлей бастады. Бірақ, судья оған "саясатқа басымдық бердің" деп, сөзін бірнеше рет бөлді.

- Донбастағы жағдай, расымен де, Ресей жаңалықтарында көрсетілгендей. Мұнда ешқандай әсірелеусіз көрсеткен. Украинаның бейбіт тұрғындары арасынан қаза болған ешкім жоқ. Бірақ Донбаста бір жылдан кейін шамамен он мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Соғыс Америка үшін керек болды. Олар, осылайша, ұлтшылдарды азайтқылары келді. Туыстарым сонда тұрғандықтан, мен ол жаққа бара алмадым. Бірақ мен өміріме қауіп төнсе де қарақшыларды тоқтаттым. Мен мұны ар-намысым үшін істедім. Мені ол жақтағылар еске алады, - деді отыз екі жастағы айыпталушы Никита С.

Украина шығысындағы жанжалға қанша қазақстандық аттанғаны белгісіз. Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территорияға азаматтардың барып жатқаны туралы ақпаратты Қазақстан билігі басында жоққа шығарған. Бірақ 2014 жылдың аяғында күш құрылымдары қарулы қақтығысқа қатысу үшін кей қазақстандықтардың шығыс Украинаға кеткені туралы мәліметтер бар екенін мойындаған.

Кейінгі төрт жылда Қазақстанда Украина шығысындағы 10 мыңнан астам адам мерт болған қарулы қақтығысқа қатысты деген айыппен бірнеше адам сотталды. "Сепаратистер жағында соғысқандарға" Астана, Ақтөбе, Атырау, Өскемен қалаларында айыптау үкімдері шыққан. Қылмыстық іске қатысты айыпталушыларды үш жылдан бес жылға дейін түрмеге кескен.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 22.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00
XS
SM
MD
LG