Accessibility links

Франция сыртқы істер министрі армениялық әріптесімен кездесті


Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан (сол жақта) Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацакянмен кездесіп тұр. Ереван, 28 мамыр 2018 жыл.

Франция сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан 28 мамырда Ереванда Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацакянмен кездесті. Ле Дриан бұдан бір күн бұрын Францияның Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ аймағына қатысты дауды реттеуге белсенді кірісу ниеті барын жария еткен.

Ереванда өткен кездесуден соң баспасөз конференциясын өткізген Мнацканян Франция президенті Эммануэль Макрон биыл күзде Ереванға Армения басшылығымен келіссөз жүргізуге келетінін жариялады. Мнацканян Ле Дрианмен кездесуінде Макронның алдағы сапарын талқылағанын айтты.


Кавказ елдеріне сапарлап жүрген Ле Дриан Париж "Ереванға демократия орнатуға көмектесетінін" мәлімдеді. Ле Дриан 27 мамырда Бакуге сапарында Францияның алдағы айларда "Ереван мен Баку арасындағы Әзербайжанның жікшіл Таулы Қарабақ аймағы бойынша дауды "реттеу жолдарын іздестіретінін" мәлімдеген. Ол қазіргі жағдайда дау шешілмейтінін, "Франция аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға" тырысатынын айтқан.

Ереван бұған дейін аймақ дауын шешу келіссөзіне Таулы Қарабақтағы этникалық армяндар да қатысуы тиіс екенін бірнеше рет мәлімдеген. Баку мұндай ұсынысқа қарсы.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG