Accessibility links

Ресейлік миллиардер Роман Абрамович Израиль азаматтығын алды. Бұл туралы израильдік бірнеше БАҚ, оның ішінде NEWSru Israel сайты өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Мамырдың басында Ұлыбританияның Абрамовичке инвестор ретінде берген визасын ұзартудан бас тартқаны хабарланған еді. Ұлыбритания билігі миллиардерден капиталын қалай тапқанын түсіндіруді талап еткен. БАҚ-тың мәліметінше, ресейлік олигарх осыған байланысты Израиль азаматтығын алуға шешім қабылдаған.

Болжам бойынша, Абрамович визаны Израильдің "Қайта оралу туралы заңын" пайдаланып алған болуы мүмкін. Ол заң бойынша, кез-келген еврей Израиль азаматтығын ала алады.

Израиль билігі Абрамовичтің азаматтық алғаны туралы ақпаратқа әзірге комментарий бермеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG