Accessibility links

Бішкек: KAZ Minerals мыс концентратына салық төлеген


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданындағы Бозымчак мыс кен орны.
Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданындағы Бозымчак мыс кен орны.

Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі KAZ Minerals Bozymchak компаниясына салық тексеруін жүргізу барысында табыс салығы салынғанын хабарлады. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, салық алтыны бар кеніштерді, алтын концентратын, алтын құймасы мен тазартылған алтынды игеру және сату қызметі бойынша салынған.

Мемлекеттік қызмет ақпаратына қарағанда, компания 2015 жылдан бастап Қырғызстаннан 9,7 миллион тонна алтыны бар концентрат шығарған. Ведомство KAZ Minerals Bozymchak-тің лауазымды өкілдері концентратта негізінен мыс болған, ал алтын тек ілеспе металл түрнде ғана кездесті деп отырғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі уақытқа KAZ Minerals Bozymchak компаниясына жалпы көлемі 55 миллион сомнан (809 мың доллардан асады) көп салық есептелген.

26 мамыр күні KAZ Minerals Bozymchak-тің бас директоры Ілияс Түлекеев Бішкекте салық төлеуден жалтарды деген күдікпен ұсталған. Сол күні оған "коммерциялық немесе басқа да ұйым қызметкерінің қызмет бабын теріс пайдалануы" деген бап бойынша іс қозғалған. 27 мамыр күні Бішкек соты Түлекеевті босатқан.

БАҚ ақпараты бойынша, Ілияс Түлекеев KAZ Minerals Bozymchak компаниясын ол құрылған күннен басқарады. 2007 жылы жұмысын бастаған "Казахмыс Голд Кыргызстан" компаниясының атауы 2015 жылғы қазанның 31-і күні KAZ Minerals Bozymchak болып өзгертілген. KAZ Minerals PLC тобына кіретін компания Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ала-Бука ауданындағы Бозымчак кен орнында геологиялық барлау жұмыстары және мыс-алтын өңдеумен айналысады. Компания сонымен бірге кен орнын пайдалануға қажетті өзге де лицензияларға ие.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG