Accessibility links

Газадан Израиль аумағына 25 зымыран атылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

29 мамыр күні таңертең Газа секторынан Израиль аумағына 25-тей зымыран ұшырылды. Бұл жөнінде Израиль қорғаныс министрлігі хабарлады.

Атылған зымырандар елдің оңтүстік өңіріне түскен. Шабуылдан ешкім зардап шекпеген. Израиль әуе қорғанысы күштері зымырандардың түгелге жуығын қағып түсірген. Тек біреуі ғана балабақша маңына түскен.

2004 жылдан бергі Израильге мұндай ірі шабуыл бірінші рет жасалып отыр. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алмады. Бірақ таяуда палестиналық "Ислам жиһады" радикалдық тобы үш мүшесі Израиль әскерінің қолынан қаза тапқаннан кейін, кек қайтаратынын мәлімдеген.

Наурыз айынан бері Израиль мен Газа секторы шекарасында палестиналықтар түрлі наразылық шарасы өткізіп келеді. Олар шекараны бұзып, әскерге қарсы шабуылдағылары келеді. Бірақ Израиль тарабы жауап ретінде оларға қарсы оқ атып жатыр. Екі тараптың қақтығысынан жүзге тарта палестиналық қаза тапты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG