Accessibility links

Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып кетті


Аркадий Бабченко, ресейлік журналист.
Аркадий Бабченко, ресейлік журналист.

Киевте 29 мамыр күні кешке ресейлік журналист Аркадий Бабченконы өлтіріп кетті. Журналист дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда артынан үш рет оқ атқан. Пәтерінің алдында жатқан Бабченконы әйелі көрген. Журналист жедел жәрдем көлігімен ауруханаға әкетіп бара жатқанда көз жұмды. Киев полициясы Бабченконың өліміне журналистің кәсіби қызметі немесе азаматтық ұстанымы себеп болуы мүмкін деп тұспалдайды.

Андрей Бабченко тұрған үйдің подъезі алдында жүрген полиция қызметкерлері. Киев, 29 мамыр 2018 жыл.
Андрей Бабченко тұрған үйдің подъезі алдында жүрген полиция қызметкерлері. Киев, 29 мамыр 2018 жыл.

Журналистерді қорғау комитеті Украина билігін Аркадий Бабченко өлімін мұқият тексеруге шақырды.

Украина Ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша "қасақана кісі өлтіру" бабымен іс қозғап, қастандық жасады деген күдіктінің ықтимал суретін жариялады.

Андрей Бабченконың өліміне қатысты Ресей Тергеу комитеті де қылмыстық іс қозғады. "Тергеу комитеті Ресей азаматына қатыгездікпен жасалған қылмысты назардан тыс қалдырмақ емес", - делінген комитет мәлімдемесінде.

Бірер күн бұрын Бабченко интернетте өзіне "президенттің әлдебір сенімді адамы" доқ көрсеткені туралы жазып, кейін ол жазбасын өшіріп тастаған. Жазбаның сілтемесі Twitter-де сақталып қалған.

Бабченко Шешенстанда болған екі соғысқа да қатысқан. Әскердегі қызметі аяқталған соң әскери тілші болып, кейін көптеген басылыммен, оның ішінде ресейлік "Новая газетамен" жұмыс істескен. Журналист Ресей билігін талай рет сынаған.

Андрей Бабченко өткен жылы Ресейден кетіп қалған. Оған "біраз уақыт елден жырақта жүре тұрғаның жөн" деген ақпарат жеткен. 2017 жылдың ақпанында, Мәскеуден кете сала Аркадий Бабченко "Маған қылмыстық іс қозғалып, түрмеге жабуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жетті. Сондықтан әзірге сыртқа кете тұруға шешім қабылдадым. Олар адамдардың сағын сындыруға тырысады" деп мәлімдеген.

Журналист соңғы уақытта Қырым татарларының ATR телеарнасында тележүргізуші болып жұмыс істеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG