Accessibility links

Карим Баратов АҚШ-та Yahoo аккаунтын бұзу ісімен сотталды


Канадалық БАҚ-тағы Қазақстаннан шыққан Карим Баратовтың ұсталғаны туралы ақпарат скриншотынан үзінді.

Қазақстаннан шыққан, соңғы жылдары Канада азаматтығын алып, сол елде тұрған Карим Баратов АҚШ-та Yahoo интернет ресурсы қолданушыларының аккаунттарын бұзды деп айыпталып, бес жылға сотталды. АҚШ Әділет министрлігінің хабарлауынша, Баратовқа үкімді 29 мамыр күні округ судьясы Винс Чабрия оқыды.

23 жастағы Баратов 2017 жылы наурызда Канадада АҚШ прокуратурасының сұрауы бойынша ұсталып, өзінің келісімімен АҚШ-қа экстрадицияланған. Былтыр Баратов өзіне тағылған айыптардың бірқатары бойынша кінәлі екенін және қылмыс жасауға астыртын сөз байласқанын мойындаған.


АҚШ әділет министрлігі 2017 жылы наурызда Баратов пен тағы үш адамға, оның ішінде Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) екі агенті - Дмитрий Докучаев пен Игорь Сущинге 2014 жылы Yahoo-дың жарты миллион қолданушысының аккаунтын бұзып кірумен байланысты айып таққан. Кремль кейін ФСБ қызметкерлерінің хакерлік шабуылға қатысы барын жоққа шығарған.

Баратов ФСБ-дағы серіктерінің бірінің тапсырмасы бойынша 80 электрондық поштаны бұзып кіруге талпынуға кінәлі екенін мойындау туралы келісім бойынша 2010 жылдан 2017 жылға дейін барлығы 11 мыңнан астам электрондық поштаны бұзуға қатысы барын да мойындап отыр.

Бұл келісім бойынша Баратов жәбірленушілерге 2,2 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл іс бойынша әзірге Баратов қана ұсталып, сотталып отыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG