Accessibility links

Астана Бішкектің әуежайдағы тексеру туралы нотасына жауап қатты


Қазақстан сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігіне қырғызстандықтардан Алматы әуежайында Қазақстан қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің тексеруі жиілегенінен байланысты шағым түсе бастады. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне жағдайды түсіндіруді талап етіп, нота жолдаған. Қырғызстандықтар "жүйелі түрде қосымша тексеру шаралары жасалатынына, оның ішінде жеке бөлмеге апарып тергеп, төлқұжат мәліметін, тұрғылықты жерін, телефон нөмірін және ұялы телефонының IMEI кодын жазып алынатынына" шағымданған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған жауап нотасында Қазақстанның мемлекеттік шекарасында тексеру және өткізу пунктерінде заң бойынша "қауіпсіздік шараларының күшейтілгені" айтылған. Астана азаматтар басқа елдерде соңғы жылы болған террорлық актілерге байланысты халықаралық террорлық ұйымдардың ықтимал мүшелері мен жақтаушыларын анықтау қажет болғандықтан тексерілетінін айтады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі тиісті елдердің арнайы қызметтерімен бірлесе отырып "барлық шетел азаматы бірдей" тексерілетінін айтады. Алматы әуежайының баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне телефон арқылы комментарий бермейтінін айтып, жазбаша сауал жолдауды сұрады.

БАҚ қырғызстандықтардың ірі қалаларында әуежайда тексеруден өтудің қиындап кеткенінен шағымдана бастағанын өткен айда хабарлаған. 23 сәуір күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті Қазақстан консулын жағдайды түсіндіруге шақыртқан. Кездесу барысында Қырғызстан тарапы Қазақстан күш құрылымдарының әрекетіне алаңдап, "уәкілетті органдар лауазымды қызметкерлерінің адамның ар-намысын шектен тыс кемсітуіне болмайтынын" ескерткен.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстайтынын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG