Accessibility links

Министр Байқоңырдан Ресей әскері шығатынын растады


Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысынан кейін журналистер сұрақтарына жауап беріп тұр. Астана, 30 мамыр 2018 жыл.

Бүгінгі мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер сұрақтарына жауап берген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Мәскеудің Қазақстаннан жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағынан әскерилерін шығаруды ойластырып жатқаны туралы ақпаратты растады. Бұдан бұрын ресейлік басылымдар Байқоңыр ғарыш айлағы азаматтық сипат алып, әскерилердің шығарылатындығы туралы жазған.

Министр Қазақстан мен Ресей арасында айлақты азаматтық салаға бұру туралы әзірге келіссөз басталмаса да «осы бағытта жұмыс жүріп жатыр» дейді.

- Азаматтық салаға ауыстыру нарыққа шығу деген сөз. Артықшылығы саланы дамытуға болады. Басқа пайда көре аламыз. Ұшыру [зымыран] деген қазір бизнес. Қазір әлемде мыңнан аса жер серігіне ұшыру қажеттілігі бар. Жергілікті тұрғындардың да пікірін сұрауымыз керек, - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Министр Байқоңыр төңірегінде 76 мың адам тұратынын, ал айлақта әскери құпия нысандар болған соң инфрақұрылымдық жұмыстарды өткізе алмай жүргендерін айтады. Атамқұлов Байқоңырды азаматтық салаға бұру «жергілікті тұрғындарға жұмыс беру мүмкіндігін ашады» дейді.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews18.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:19 0:00
XS
SM
MD
LG