Accessibility links

Испанияда ұсталған Ресей олигархы босатылды


Hermitage Capital қорының басшысы Уильям Браудер.
Hermitage Capital қорының басшысы Уильям Браудер.

Испания полициясы Hermitage Capital қорының басшысы Уильям Браудерді ұстап, қайта босатты. Бұл жайында Уильям Браудер Twitter парақшасында жазды. Браудердің жазуынша, өзін Ресейдің Интерполға жолдаған сұрауы бойынша ұстаған. Браудердің айтуынша, ол Испанияға Ресейден капиталдың шығарылуы ісіне қатысты жауап беруге барған.

Уильям Браудер АҚШ пен бірнеше елде ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар және Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуына кінәлі адамдарға қарсы санкция салатын "Магнитский заңын" қабылдауға себепші болған.

Былтыр Мәскеудің Тверь соты Браудерді "банкті қасақана банкроттыққа ұшыратып, 3 миллиардтан астам рубль салықтан жалтарды" деп айыптап, сырттай тоғыз жыл түрме жазасына кескен. Ресей бас прокуратурасы Интерполға Браудерді ұстау және экстрадициялау туралы кезекті рет сұрау салған.

Ресей соты Браудерге бірінші рет сырттай үкім шығарып отырған жоқ. 2013 жылы Браудер "Газпром" компаниясының акцияларын заңсыз иеленгені" үшін тағы сырттай тоғыз жыл түрме жазасына кесілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG