Accessibility links

Украина Аркадий Бабченконың тірі екенін хабарлады


Аркадий Бабченко.
Аркадий Бабченко.

Украина қауіпсіздік қызметі 30 мамырда ресейлік журналист Аркадий Бабченко тірі екенін мәлімдеді. Бабченко сәрсенбі күні Украина қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған жиынға қатысты. Украина полициясының жорамалынша, ресейлік қауіпсіздік қызметі Бабченконы өлтіру үшін 30 мың долларға адам жалдаған.

Украина тарабы Бабченконың өлімін қолдан ұйымдастырып, журналисті өлтірмек болған адамды ұстағанын хабарлады.

29 мамырда Украина билігі Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы қастандықпен өлтірді деп мәлімдеп, оған Мәскеуді айыптаған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кісі қолынан қаза тапқан "ресейлік журналист Аркадий Бабченко өлімінің артында Мәскеу тұр" деген Украина мәлімдемесін жоққа шығарған.

Аркадий Бабченко Ресейден 2017 жылы ақпанда кеткен. Содан бірнеше ай бұрын ол Ресей қорғаныс министрлігінің Сирияға ресейлік әскерилер, журналистер мен Александров атындағы ансамбль мүшелерін апара жатқанда құлаған Ту-154 ұшағы апатына қайғырмайтыны туралы мәлімдеген. Бұдан соң Ресейде Бабченконы азаматтықтан айыруға шақырып қол жинау басталған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG