Accessibility links

Бельгиядағы шабуылды ИМ мойнына алды


Льеж қаласында болған шабуыл орнында жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері. Бельгия, 29 мамыр 2018 жыл.
Льеж қаласында болған шабуыл орнында жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері. Бельгия, 29 мамыр 2018 жыл.

Бельгияның Льеж қаласында болған шабуылды "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымы мойнына алды. Бұл жөнінде радикалды топтың интернеттегі белсенділігін бақылайтын SITE ресурсы мәлімдеді.

29 мамыр күні таңертең Льеж қаласының орталығында кафелердің бірінде ер адам екі полицейге оқ атқан. Екі полицей де оқиға орнында қаза тауып, тағы екі офицер жараланған. Мұның алдында ол 30 жастағы тағы бір ер адамды атып өлтірген. Полиция сол жерде шабуылдаушының көзін жойған.

Қылмысты 36 жастағы Бенжамэн Эрман жасаған. Ол осыған дейін "ұсақ қылмыстары" үшін түрмеде отырып шыққан. Полиция шабуылдаушының түрмеде радикалды топпен байланысты болғанын айтады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG