Accessibility links

"Шекарасыз тілшілер" Бабченко өлімін қолдан жасағанға наразы


Аркадий Бабченко, ресейлік журналист.
Аркадий Бабченко, ресейлік журналист.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымы Украина арнайы қызметінің ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімін қолдан ұйымдастырғанына наразылық білдірді. Бұл туралы ұйым басшысы Кристоф Делуар Twitter-де жазды. Ол мұны Украина арнайы қызметінің айла-шарғысы деп атап, "мемлекеттің әсіресе журналистерді пайдаланып, фактімен ойнауы өте қауіпті" екенін айтты..

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Бабченко тірі деген хабарды "қуанышты хабар" деп атап, бұл оқиғада "үгіт-насихат әсері сезілетінін" айтты. Кремльдің баспасөз хатшысы журналистің өлімін қолдан ұйымдастыруға қатысты комментарий бермеді.

29 мамырда Украина билігі Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы қастандықпен өлтірді деп мәлімдеп, оған Мәскеуді айыптаған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кісі қолынан қаза тапқан "ресейлік журналист Аркадий Бабченко өлімінің артында Мәскеу тұр" деген Украина мәлімдемесін жоққа шығарған.

Бірақ 30 мамыр күні Аркадий Бабченконың тірі екені хабарланды. Ол Украина қауіпсіздік қызметі өткізген брифингте сөйледі. Арнайы қызмет Бабченконың өлімін қолдан ұйымдастырып, арнайы операция барысында оған қастандық жасау әрекетінің алдын алғанын айтады. Қазір Бабченкоға күзет қойылған.

Оқи отырыңыз: Украина: Ресейлік журналист Бабченко тірі

Украина полициясының жорамалынша, Ресей қауіпсіздік қызметі Бабченконы өлтіру үшін 30 мың долларға Украина азаматын жалдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG