Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі жиынында реформалар талқыланды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп отыр. Астана, 30 мамыр 2018 жыл. Сурет Ақорданың ресми сайтынан алынды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп отыр. Астана, 30 мамыр 2018 жыл. Сурет Ақорданың ресми сайтынан алынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада қауіпсіздік кеңесінің жиынын өткізіп, үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Жиында елдегі құрылымдық және институционалдық реформалардың іске асу барысы және Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.

Жиында президент мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындаудың тиімділігін, оларды уақытында және дұрыс орындау керегін айтты.


Назарбаев мемлекеттік органдар азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс екенін жеткізді. Жиында бұдан өзге, халықты жұмыспен қамту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау және жастарды кәсіби оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселелері қозғалды.

Қауіпсіздік кеңесінің жиынында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG