Accessibility links

Шымкентте қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды


"Қасірет" мемориалына саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға жиналған жұрт. Шымкент, 31 мамыр 2018 жыл.

Шымкенттегі "Қасірет" мемориалында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Митингке жүзден аса адам қатысты. Олардың арасында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ұрпақтары да бар. Митингіге қатысушыларды полицейлер сырттай бақылап тұрды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған топ әуелі "Ана мен бала" ескерткішіне гүл қойды. Бір минуттық үнсіздік жарияланғаннан кейін әскерилер оқ атып, шараны жалғастырды.

Арнайы қойылымнан соң сөйлеген әкім Жансейіт Түймебаев қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарын ешқашан ұмытпау керегін айтты.

Алаш қайраткері Қошмұхамбет Кемеңгеровтың ұрпағы Қайырбек Кемеңгер Азаттыққа қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары мерт болған Алаш қайраткерлеріне арналған Астананың орталығында аллея, ескерткіш, көше қажет екенін айтты. Ол "Мұны мемлекетке қарап отырмай, елшіл азаматтар қолға алса" деген пікір білдірді.

Еске алуға келген азаматтық белсенді Жарқынбек Сейтінбектің пікірінше, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы мәлімет, әсіресе, Алаш арыстарының өмірі мен ұлтына деген қызметі дәріптелмей отыр. "Саяси қуғын-сүргін әлі де бар. Жерін, елін қорғау үшін көшеге шыққандарды қамау - осы қуғынның жалғасы" деді ол.

Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бүгін Алматы мен Астанада да белсенділер еске алды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG