Алматы маңында қаланы айналып өтетін Алматы үлкен айналма көлік жолының құрылысы басталды. Алты жолақты айналма жолдың ұзындығы жоба бойынша 66 шақырымды құрайды. Жол Алматы облысының Талғар, Іле және Қарасай аудандары аумағында салынады.
Ресми мәлімет бойынша, 2021 жылы салынып бітеді деп жоспарланған айналма жол құрылысының құны 180 миллиард теңгені құрайды. Жол салынса, онымен күніне 38 мыңға дейін көлік жүрмек. Айналма жол бойында жаңа көпірлер, жол айырықтары мен эстакадалар салу жоспарланған.
Айналма жол Алматы маңындағы көлік ағынын азайтып, транзитпен жүретін көлік санын азайтады және қаланың экологиялық ахуалын жақсартады деп болжанып отыр.
ПІКІРЛЕР