Accessibility links

Оралда наразылық танытқан экс-полицей ұсталды


Полиция қызметкерлері акцияға шыққан 43 жастағы Әлібек Ерғазиевті ұстап әкетіп барады. Орал, 31 мамыр 2018 жыл.

Оралда 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні бұрынғы полиция қызметкері өзін жұмыстан шығарып жіберуге наразылық танытты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу аллеясына барған Орал желілік полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері Әлібек Ерғазиев "Заңдылық - әділеттілікті емес, биліктің белгісі" деп жазылған плакатын ашты.

Әлібек Ерғазиев қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ербол Көшековтің акциясын тоқтату туралы талабын орындаудан бас тартты. Бірнеше минуттан соң Ерғазиевті жай киім киген полиция қызметкерлері ұстап, белгісіз бағытқа алып кетті.

Әлібек Ерғазиев өзін жұмыстан босатуға қарсылық акциясын өткізіп тұр. Орал, 31 мамыр 2018 жыл.
Әлібек Ерғазиев өзін жұмыстан босатуға қарсылық акциясын өткізіп тұр. Орал, 31 мамыр 2018 жыл.

43 жастағы Ерғазиев өзін ұстағанға дейін Азаттық тілшісіне 2017 жылдың басында "жұмысқа масаң күйде келгені" үшін жұмысынан босатылғанын айтты. Ол мұндай айыппен жұмыстан босатуға келіспейтінін айтып, мұны басшылықтың өз еркімен жұмыстан кету туралы талабын орындамағаны үшін кек алу деп біледі.

Азаттық тілшісіне бұл жағдайға байланысты полициядан әзірге комментарий алу мүмкін болмай тұр.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG