Accessibility links

БАҚ: Абрамович инвестор визасын беру өтінішін қайтарып алды


Роман Абрамович, ресейлік олигарх.
Роман Абрамович, ресейлік олигарх.

Ресейлік миллиардер Роман Абрамович Израиль азаматтығын алған соң Ұлыбританиядан инвестор визасын беруді сұраған өтінішін қайтарып алды. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасаған Jerusalem Post басылымы хабарлады.

Мамыр айында Ұлыбританияның Абрамовичке инвестор ретінде берген визасын ұзартудан бас тартқаны белгілі болған. Ұлыбритания билігі бизнесменнен капиталын қалай жинағанын түсіндіруді талап еткен. БАҚ-тың мәліметінше, ресейлік олигарх осы талапқа байланысты Израиль азаматтығын алуға шешім қабылдаған. Ол Израильдің әлемдегі кез-келген еврейге Израиль азаматтығын беретін "Отанына қайта оралу туралы заңын" пайдаланған.

Израиль азаматтары Ұлыбританияға визасыз бара алады. Бірақ, израильдіктер егер бұл елде оқығысы, жұмыс істегісі немесе жарты жылдан астам уақытқа қалғысы келсе Ұлыбритания билігінен мақсатына сай виза алуы тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG